Мәдина Жүнісбекова ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мәдина Серікқызы Жүнісбекова ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Мәдина Жүнісбекова Алматы қаласында дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы ММУ, Париж I Пантеон – Сорбонна университетін, Пантеон – Ассас университетін тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.
Еңбек жолын 2010 жылы бастаған.
2010 – 2012 жылдары коммерциялық секторда жұмыс істеген.
2012 – 2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Хатшылығының инспекторы лауазымын атқарған.
2014 жылы — ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.
2014 жылғы маусым айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі қызметін атқарған.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.