05 мам, 2021 сағат 11:31

Қырғызстан президенті жаңа Конституцияға қол қойды


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдің жаңа Конституциясына қол қойды. Рәсім «Ала Арча» мемлекеттік резиденциясында өтіп жатыр, деп хабарлайды Қырғызстанның Кабар агенттігі.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының «Қырғыз республикасының Конституциясы туралы» тиісті құжатына қол қойды. 

Атап өтсек, жаңа Конституция бойынша референдум 2021 жылдың 11 сәуірінде өтті. 

Нәтижесінде жаңа Конституция үшін сайлауға қатысқан азаматтардың 79 пайыздан астамы дауыс берді. 

Жаңа негізгі заңға сәйкес, Қырғызстанда басқару формасы парламенттіктен президентікке ауысты.