Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" мемлекет басшысының сайтына сілтеме жасап.
"Құрметті отандастар!
Еліміздің астанасы Бішкек қаласында қоғамдық-саяси жағдай күрделі болып отыр.
Кеше Жогорку Кенеш Үкімет құрамын бекітті, мен Қырғыз Республикасы президентінің тиісті тағайындаулар туралы Жарлығына қол қойдым. Бірақ бұл шиеленіскен жағдайды қалпына келтірмеді.
Өкінішке қарай, агрессия азаймаған. Менің тез арада отставкаға кетуіме талап қойылып жатыр.
Мен билікті ұстамаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарын атқан, қан төккен президент ретінде қалғым келмейді.