12 жел, 2025 сағат 17:45

Қостанай облысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қамауға алынды

Фото: ашық дереккөз

Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Доспанов қамауға алынды. Бұл туралы ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті растады, деп хабарлайды Ult.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Доспанов лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген.

«ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Е. Доспановты ұстады. Ол қызмет бабын асыра пайдаланған деген күдік бар», – делінген ресми хабарламада.


Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды.