28 нау, 2024 сағат 17:00

Қостанай облысында Арқалық пен екі ауданда төтенше жағдай енгізілді


Қостанай облысының бірқатар ауданы су астында қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өңірде құтқару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазір облыстағы бір қала мен екі ауданда төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл туралы 28 наурыз күні Қостанай облыстық ТЖД мәлімдеді.

Қостанай облысы Арқалық қаласы, Амангелді және Жанкелді аудандарында төтенше жағдай енгізілді, - делінген мәліметте.


Бұған дейін Арқалыққа қарасты Екідің, Әбдіғаппар хан ауылдарының халқы қауіпсіз жерге шығарылғаны туралы жазған едік.