14 мам, 2021 сағат 10:08

COVID-19: Солтүстік Қазақстан «жасылдан» «сары» аймаққа өтті


14 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары орналасқан. 

Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары «сары аймақта» тұр. 

«Жасыл аймақта»: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай және Қызылорда облыстары.