24 шіл, 2024 сағат 14:23

Харрис алда келеді. Сауалнама қорытындысы бойынша Камала Харрис респонденттердің 44% дауысын жинады


Фото: ашық дереккөзден

Соңғы сауалнама қорытындыларына сәйкес, АҚШ-тың вице-президенті Камала Харрис 2024 жылғы президент сайлауында республикалық партиядан кандидат Дональд Трамптан 2% алда келеді, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Reuters пен Ipsos компанияларының 22-23 шілде күндері жүргізген сауалнамасында Харрис респонденттердің 44%-ының, ал Трамп 42%-ының қолдауына ие болған.

Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 56%-ы Камала Харристі "ұшқыр ойлы, қиындықтарды жеңе білетін" саясаткер ретінде бағалаған. Ал, Дональд Трампқа қатысты осы тұжырыммен 49% респонденттер келіскен.

Демократтарды қолдайтын сайлаушылардың 91%-ы Харриске оң пікір білдірген. Сауалнамаға қатысқандардың төрттен үші демократтар оның кандидатурасын қолдауға тиіс деп есептейді. Ал, төрттен бірі демократтар атынан президент сайлауына бірнеше кандидаттың таласуы керектігін айтқан.