21 жел, 2025 сағат 12:17

Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Үстірт арқарлары бейнежазбаға түсірілді

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының мәліметінше, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты аң-құстарға бақылау жүргізу кезінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Үстірт арқарлары көзге түсіп, видеоға түсірілген.

Жұп тұяқтылар отрядының өкілі – үстірт арқары Үстірт қорығын мекендейді. Оны сымбатты, жабайы дала қойы деп те атайды. Олар табиғи жағдайда 12-14 жыл тіршілік етеді. Тауларда өмір сүруге бейім, аязға өте төзімді жануар.