05 мам, 2021 сағат 21:14

Қазақстандық қос дзюдошы - Grand Slam турнирінің қола жүлдегері


Қазақстандық Дәурен Сүйеукенов пен Есет Қуанов Қазанда өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Татарстанның астанасы Қазан қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінде Дәурен Сүйеукенов 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін чехиялық Дэвид Пулкрабекпен татамиге шығып, жеңіске жетті. Бұл - жас дзюдошының осындай айтулы жарыстағы алғашқы табысы. 

Тағы бір қазақстандық Есет Қуанов 66 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ілікті. Ол грузиялық балуанды иппон әдісімен таза жеңді. Осылайша жарыстың бірінші күні Қазақстан құрамасының қоржынына қос қола жүлде түсті.

Grand Slam турнирі одан әрі жалғасуда.