27 мам, 2022 сағат 11:03

Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру қызметі уақытша тоқтатылды

© Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстанда eGov порталы арқылы шетелдіктерге ЖСН беру қызметі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Порталда осы қызметке тапсырыс бергенде "Қызметті қалпына келтіру мерзімі 2022 жылдың 1 қазанына жоспарланған" деген хабарлама шығады.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ шетелдіктерге ЖСН беру қызметінің уақытша тоқтатылғанын растады. Мамандар бүгін себебін түсіндіріп, ресми ақпарат таратамыз деп отыр.

"eGov порталында шетелдіктерге ЖСН беру қызметі уақытша тоқтатылса да, халыққа қызмет көрсету орталығында бұл қызмет қолжетімді, еш қиындықсыз пайдалануға болады ", - дейді компания қызметкерлері.