Фото: pexels.com
Қазақстанның бас прокуроры Асылов Х желісіндегі парақшасында балалар арасында Telegram-дағы суицидке ықпал етуі мүмкін арналардың қызметін жеке бақылауға алатынын хабарлады.
Ол бүгінгі таңда республикада 16 000 зиян сайт бұғатталғанын қосты.
Асылов арнайы прокурорларға қажетті тергеу іс-әрекеттері мен сараптамалар жүргізуді тапсырды. Жоспарға басқа әлеуметтік желілерді бақылау және суицидті насихаттайтын шетелдік сайттарға халықаралық сұраулар жіберу кіреді.
Бұған дейін 11-13 жастағы балалар арасындағы жаппай суицид жағдайлары әлеуметтік желілерде қызу талқылауға себеп болған еді. WhatsApp-тағы ата-аналар чаты трагедияның ықтимал себептері туралы хабарламалармен және балалар үшін қауіпті болуы мүмкін мазмұн туралы ескертулерге толды.
Желі қолданушылары "өлім топтары" деп аталатын қауымдастықтар, сондай-ақ белгілі бір мобильді ойындар мен әдебиет қауіп төндіруі мүмкін деген алаңдаушылықтарын білдірген.