Алматыда баланы қорлаған жасөспірімдердің ата-аналары айыппұл арқалады

Алматыда баланы қорлаған жасөспірімдердің ата-аналары айыппұл арқалады
gov.kz

Алматыда 11 жастағы баланы ұрып-соғып, қорлаған жасөспірімдердің ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ult.kz.

Жәбірленушінің анасының айтуынша, 13–14 жастағы жасөспірімдер бір айдан астам уақыт бойы ауладағы балаларды қорқытып, оларға күш көрсеткен. Олар оның ұлын ішінен және бүйрегінен ұрып, балағаттаған. Сондай-ақ Сайран көлінен аулап әкелген шикі балықты баланың аузы мен құлағына тыққан.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысқан жасөспірімдер анықталып, олармен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Материалдар Алмалы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қаралды. Нәтижесінде жасөспірімдердің заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.