16 сәу, 2020 сағат 10:25

Қазақстанда тағы 10 адамнан коронавирус табылды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 16 сәуір түскі сағат 12:25-те 10 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтанда - 3, Алматы облысында - 4, Ақмола облысында - 1, Жамбыл облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда жалпы науқастар 1341 адамға жетті:

  • Алматы қаласы – 393
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 305
  • Қызылорда облысы – 131
  • Қарағанды облысы – 84
  • Ақмола облысы – 81
  • Атырау облысы – 70
  • Түркістан облысы – 49
  • Жамбыл облысы – 50 
  • Шымкент қаласы – 43
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 29
  • Алматы облысы – 29
  • Батыс Қазақстан облысы – 25
  • Ақтөбе облысы – 14
  • Маңғыстау облысы – 12
  • Павлодар облысы – 13
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8
  • Қостанай облысы – 5

16 науқас қайтыс болған. Барлығы 240 адам айыққан.