19 сәу, 2021 сағат 14:14

Қазақстан мен Ресей шекарасында Көптоғай аулының маңындағы қоршаулар алынды

Атырау облысы Көптоғай ауылы маңындағы шекара қоршауы бұзылды. Бұл туралы Құрманғазы облысының әкімі Марат Мурзиев мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы. 

Құрманғазы ауданының әкімі Мұрат Мұрзиев мәлім еткендей, Көптоғай ауылындағы дау-дамай реттелді. Тұрғындар Қиғаш өзенінің бойымен 1500 метр ұзындықта қоршаудың тұрғызылуына қарсы шыққан болатын. Шекара қызметкерлері орнатқан бағаналарды қайта алып тастады. Олар үй малына өзеннен су ішуге, ал ауыл тұрғындарына суару жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіре бастаған еді.

"13 және 16 сәуірде жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір өзенге мал суару және егінге су алу мүмкіндігі қарастырылды. Бұл үшін ешқандай кедергі жоқ", - деді Мурзиев.

Еске салсақ, 14 сәуірде Атырау облысы мен Ресейдің Астрахан облысының шекарасында шекаралық қоршау тұрғызыла бастаған. 

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім еткендей, бұл жұмыстар 2005 жылғы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған «Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісімі» аясында жүргізілуде. 

«Бұл жұмыстар қазір емес, бұрын басталуы тиіс еді, бірақ әртүрлі себептермен жүзеге асырылмай келді. Тек биылғы жылдың 14 сәуірінде шекарашылар құрылыс жұмыстарына кірісті. Шекара қоршауы жұмыстары жүргізілмес бұрын, 13 сәуірде әкімдік, шекара қызметі мен құқық қорғау органдарының өкілдері Көптоғай ауылының тұрғындарымен кездесіп, жұмыстардың заңдылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын. Сондай-ақ шекара қызметі мен құқық қорғау органдары да жасалып жатқан жұмыстардың заңдылығын түсіндірді», - деген еді Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мұрзиев.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері түсіндіргендей, 2013 жылдың мамыр айында орнатылған №23 және №24 шекаралық белгілер арасындағы металл қоршаулар РФ аумағына 10-70 метрге кіріп орналасқан. Сол себепті қоршаулар жылжытылуда.