Алматы прокуратурасы қалалық мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген қандай күдікке ілінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ведомство мәліметінше, Қайрат Құдайбергенді 21 сәуірде арнайы прокурорлар бастаған ведомствоаралық тергеу-жедел тобы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұстаған. Ол Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Алдын ала тергеу мәліметінше, Қ.Қ. Құдайберген А.Б. Жұмагелдиевпен ("Дикий Арман" бірге "Қазақстан" қонақүйінде адам жинауды ұйымдастырып, Жұмагелдиевпен бірігуге, оны қолдауға және билікке бірдей талаптар ұсынуға шақырғаны, сондай-ақ адамдарды 10 адамнан бөліп, олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау бергені анықталды.
Құдайберген мен Жұмагелдиев жинаған топ алаңға шығып, Жұмагелдиев төңірегіндегі митингілерді біріктіруге, алаңда жедел штаб ұйымдастыруға және билік алдында бірыңғай талаптар қоюға тырысқан", - деді Алматы қаласының прокуратурасы.