Жамбыл облысында көлік пен пойыз соқтығысып, салдарынан алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталының Telegram-арнасына сілтеме жасап.
1 қарашада сағат 08.55 шамасында Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінен Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Көлік апаты салдарынан 6 адам қаза тапты.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеп жатыр", - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.