Әнші Жазира Байырбекованың әпкесі Ләззат Байырбекованың ұлы Тәуіржан сүйіктісіне ұсыныс жасағанын хабарлады, деп жазады Ult.kz.
Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіктісінің ұсынысты қабыл алғанын жариялаған. Оның таңдауы бұған дейін отбасылы болған әйелге түскен.
Алайда Тәуіржанның анасы Ләззат Байырбекова бұл жағдайға байланысты пікір білдіріп, әзірге "келін" деген атауды қолдануға дайын емес екенін айтты.
"Келініңіз құтты болсын деп жазып жатырсыздар. Бірақ бұл сөзді мен тек расымен келін атанғанда ғана айтамын. Қазір бұл атауды қабылдай алмаймын. Келін, немере туралы жазған тілектеріңізге – Алла қаласа, ол күнге де барармыз. Балаларым үйленіп, өз отауларын құрған кезде ғана ондай құттықтауларды қабылдаймын", – деді ол.
Байырбекованың айтуынша, ұлының шешіміне қатысты әлі де күмәні бар.
"Ұлымның шын ғашық болғанын қалаймын. Тәуіржан үйленуге шын ниетімен дайындалсын, ойланып-пікірлесіп шешсін, достарының әзілінің тақырыбы болып кетпесін. Үйлену үшін де дайындық пен жағдай қажет қой", – деп атап өтті ол.
