02 қаз, 2024 сағат 10:18

Иран Израиль территориясына жүздеген зымыранын ұшырды


ЦАХАЛ X желісіндегі аккаунтында Ираннан Израильге жүздеген зымыран ұшырылғанын хабарлады. 

БАҚ мәліметінше, жүздеген зымыран ұшырылған.

"Барлық израильдік бейбіт тұрғын бомбадан қорғану орындарында, өйткені Ираннан жіберілген зымырандар Израильді атқылап жатыр", - делінген хабарламада.


Сондай-ақ ЦАХАЛ Израиль халқына сақтық шараларын сақтау және нұсқауларды орындау туралы үндеу жасады. 

БАҚ мәліметінше, Иран Израиль аумағына 181 баллистикалық зымыран ұшырған. 

РБК деректеріне сүйенсек, Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Израильге жасалған соққыға қатысты мәлімдеме жасаған. Онда "Хезболла" басшысының қазасына жауап ретінде осындай шешім қабылданғаны айтылады. Ислам революциясының сақшылар корпусы Израиль Иранның шабуылына жауап қайтарса, Израильге жойқын шабуылдар жасалатынын ескерткен.