Фото: ҰОК
Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті Бас хатшысы Жанар Өтешоваға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
"Қазақстан ҰОК президентінің бұйрығымен Бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылды. Одан бөлек сенімінің жоғалуына байланысты Ж. Өтешеваны Бас хатшы ретінде Атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетсек, Жанар Өтешова 2024 жылдың ақпан айынан бастап ҚР ҰОК-нің атқарушы директоры қызметінде болды. Сондай-ақ қазақстандық белгілі боксшы және ұйым басшысы Геннадий Головкиннің PR-кеңесшісі қызметін атқарды.