Фото: Reuters
Наурыздың 2-нен 3-не қараған түні 97-ші «Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. Биыл алғаш рет кешті танымал комик Конан О'Брайен жүргізді, деп хабарлайды Ult.kz.
Ең күтпеген жайттардың бірі Деми Мурдың жеңілісі болды. Ол «Анора» фильмі арқылы танылған Майки Мэдисонға жол берді. Қалған номинацияларда көпшілік күткен нәтижелер орын алды. Ресейлік алғашқы номинант актер Юра Борисов Киран Калкиннен жеңіліп қалды, бұл да алдын ала болжанған еді.
Рәсімнің негізгі жеңімпазы Шон Бэйкердің «Анора» фильмі болды. Ол бес «Оскар» сыйлығын, соның ішінде «Үздік фильм» номинациясын жеңіп алды. Брэйди Корбенің «Бруталист» фильмі үш марапатқа ие болды: саундтрек, операторлық жұмыс және Эдриан Броуди ойнаған рөл үшін. Ал «Дюна» фильмінің сиквелі, «Злой» және «Эмилия Перес» фильмдері екі сыйлықтан еншіледі.
8 номинация бойынша үміткер болған «Боб Дилан: Никому не известный» және 4 номинацияда ұсынылған «Носферату» бірде-бір марапат ала алмады.
Жеңімпаздар тізімі:
- Үздік фильм – "Анора";
- Үздік режиссура – Шон Бейкер ("Анора");
- Үздік актер – Эдриан Броуди ("Бруталист");
- Үздік актриса – Майки Мэдисон ("Анора");
- Екінші пландағы үздік ер адам рөлі – Киран Калкин ("Нағыз азап");
- Екінші пландағы үздік әйел рөлі – Зои Салдана ("Эмилия Перес");
- Үздік халықаралық фильм – "Мен әлі осындамын";
- Үздік түпнұсқалық сценарий – "Анора";
- Үздік бейімделген сценарий – "Конклав";
- Үздік қысқаметражды фильм – "Мен робот емеспін";
- Үздік деректі фильм – "Басқа жер жоқ";
- Үздік деректі қысқаметражды фильм – "Оркестрдағы жалғыз қыз";
- Үздік толықметражды анимациялық фильм – "Поток";
- Үздік анимациялық қысқаметражды фильм – "Кипарис көлеңкесінде";
- Үздік операторлық жұмыс – "Бруталист";
- Үздік декорациялық жұмыс – "Зұлым: Батыс жалмауызы туралы әңгіме";
- Үздік монтаж – "Анора";
- Үздік визуалды әсерлер – "Дюна: Екінші бөлім";
- Үздік музыка – "Бруталист";
- Үздік дыбыс – "Дюна: Екінші бөлім";
- Үздік түпнұсқалық саундтрек – El Mal, "Эмилия Перес";
- Үздік костюм дизайны – "Зұлым: Батыс жалмауызы туралы әңгіме";
- Үздік грим – "Субстанция".