30 там, 2016 сағат 19:43

Қазақ футболшылары Қырғызстан құрамасынан ұтылды (Видео)

Футболдан Қазақстан құрамасы Қырғызстаннан 0-2 есебімен жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бішкекте өткен кездесуде бірінші голды алаң иелері 43-ші минутта соқты. Қырғыз командасының капитаны Валерий Кичин көзге түсті. Бірінші тайм осы есеппен аяқталған. Ал екінші таймда Қырғызстан футболшылары тағы бір гол сала білді. 82-ші минутта Мирлан Мурзаев көзге түсті. 

Бұл бас бапкер Талғат Байсуфиновтың басшылығындағы Қазақстан құрамасының бірінші жеңілісі болды. Сонымен қатар, Қырғызстанмен өткен кездесулерде тұңғыш рет жеңіліп отыр. Осыған дейін бес рет жеңіп, екі рет тең ойнаған болатын. 

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 4 қыркүйекте Астанада өткізеді. Ендігі қарсылас - Польша.

kaz.tengrinews.kz