Елімізде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 30 адамға жетті

Елімізде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 30 адамға жетті

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан тағы бір адамның қайтыс болғанын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ол - 1952 жылы дүниеге келген Алматы қаласының тұрғыны.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда індетті жұқтырғандардың саны 4 298 адамға жетті. 1 299 науқас жазылып шықты.  

Аймақтар бойынша қайтыс болғандар саны: 

Нұр-Сұлтан қаласы – 3
Алматы қаласы – 9
Шымкент қаласы – 5
Ақмола облысы – 4
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Қарағанды облысы – 3
Қостанай облысы – 1
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысы – 1
Түркістан облысы – 1