Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сапармен Ресей Федерациясына келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Елбасы Ресей Федерациясына келді. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі, сондай-ақ М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне барады», деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.