22 шіл, 2024 сағат 10:34

Джо Байден президенттік сайлаудан шығатынын мәлімдеді


Фото: EPA/ТАСС

АҚШ президенті Джо Байден президенттік сайлаудан шығатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Ол өзінің мерзімінің аяғына дейін президент болып қала беретінін және келесі аптада америкалықтарға үндеу жасайтынын да айтты. Байден президенттік сайлауға қатыспайтынына қарамастан, мерзімнің аяғына дейін президент болып қала беретінін түсіндірді.

Байденнің мәлімдемесі X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.