27 шіл, 2025 сағат 12:14

Дженнифер Лопестің концерті өтуіне байланысты Астанада жол қозғалысы шектеледі


Фото: Allure

Астанада 1 тамызда әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концертінің өтуіне байланысты жол қозғалысы уақытша шектеледі - деп хабарлайды Ult.kz.

"Ауқымды концерт өткізілуіне байланысты, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қонақтардың іс-шара өтетін жерге ыңғайлы келіп-кетуі үшін "Астана Арена" стадионы маңында – "Алау" мұз сарайы мен "Сарыарқа" велотрегінің жағында автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі", – делінген Астана қаласы әкімдігінің хабарламасында.