27 мау, 2025 сағат 16:45

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне әлемнің 29 елінен көрермендер келеді

Фото: ЖИ

Дженнифер Лопестің Қазақстандағы концерттеріне шетелден 18 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде, деп хабарлайды Ult.kz.

Astana Concert ұйымдастыруымен Қазақстанның екі қаласында өтетін Дженнифер Лопестің ауқымды концертіне алдын ала мәлімет бойынша, Алматыға әлемнің 29 елінен көрермендер келеді.

Компания продюсері Мәлік Хасеновтың айтуынша, Дженнифер Лопестің концерті тәрізді алғашқы ауқымды шара Қазақстанды тек Орталық Азияда ғана емес, бүкіл ТМД кеңістігінде event-туризмнің орталығы ретінде таныстыру жолындағы маңызды қадам.

Осы орайда Kazakh Tourism мен Astana Concert ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, ауқымды іс-шаралар арқылы туристерді тартуды жоспарлап отыр. 

Фестиваль, концерт және халықаралық шоу-бағдарлама тәрізді ірі мәдени іс-шаралар халықаралық аудиторияны тартатын маңызды алаңға айналады. Екі компанияның синергиясы елдің туристік әлеуетіне деген тұрақты қызығушылықтың болуына септігін тигізбек.