Алтын мен баспана дауы: кәсіпкер Ерсай ажырасуға не себеп болғанын айтты

Алтын мен баспана дауы: кәсіпкер Ерсай ажырасуға не себеп болғанын айтты
Фото: Нерожелі арқылы жасалды

Жуырда ғана шаңырақ көтерген кәсіпкер Ерсай күйеуі Олжаспен ажырасу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, отбасындағы келіспеушілікке тойда сыйланған алтын бұйымдар мен баспананың кімнің атына рәсімделгені себеп болған, деп хабарлайды ult.kz.

Ерсай мен оның жақындарының сөзінше, тойдан кейін екі мәселе төңірегінде дау туған. Бірі — жас жұбайларға берілген алтын бұйымдар болса, екіншісі — сыйға тартылған үйдің құжаттары.

Кәсіпкердің айтуынша, бес қайын әпкесі мен енесі алтынға қатысты наразылық білдірген. Сонымен қатар олар баспананың неліктен Олжастың атына емес, Ерсайдың ағасының атына рәсімделгенін сұрап, бұған көңілдері толмағанын жеткізген.

Ерсай қайын жұртымен тіл табысып, олардың жағдайын жасауға тырысқанын айтады. Алайда, өзінің сөзінше, бұл әрекеттері отбасындағы түсініспеушілікті шешуге көмектеспеген. Кәсіпкер өзіне ауыр сөздер айтылғанын да жеткізді.

Осы келіспеушіліктерден кейін Ерсай некесін тоқтату туралы шешімге келгенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Дариға Бадықова жеке өміріне қатысты алғаш рет үн қатты. 

Ерсай кім?

Ерсай - Қытайдан келген этникалық қазақ кәсіпкер. Ол әлеуметтік желіде «Ерсай» есімімен танылған. Қытайдың Іле өңіріндегі Шапшалы ауданында өскен. Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында кәсіпке 17 жасынан араласқанын айтқан.

«Уақыт көрсетеді» подкастында Қазақстанға келгеннен кейін кәсібіне қолдау артып, сатып алушылары көбейгенін жеткізген. Сол сұхбатында 34 жаста екенін, Қытай азаматтығы барын және қызы Қытайда оқитынын мәлімдеген.

Көпшілік оның жеке өміріне өзінен сегіз жас кіші Олжаспен шаңырақ көтергеннен кейін назар аудара бастады. Ерсай сұхбатында жас айырмашылығы екеуінің қарым-қатынасына кедергі келтірмейтінін айтқан.