#
#
Сенбі 15/08/2020

Diamond Princess лайнерінде Қазақстанның 4 азаматы бар

  • 13.02.2020
  • 0
  • 363

Diamond Princess лайнерінде Қазақстанның 4 азаматы бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жапония жағалауындағы Diamond Princess круиздік лайнерінде 50 мемлекеттің 3 700 азаматы оқшауланғаны белгілі. Олардың ішінде коронавирус жұқтырған 174 жолаушы анықталып отыр. Лайнерде Қазақстан Республикасының 4 азаматы да бар. Олардың жағдайы жақсы, вирустан дін аман. Карантин 19 ақпанда аяқталады», - деді Диас Ахметшәріп.

Жапонияның Kiodo агенттігінің хабарлауынша, Diamond Princess лайнерінде коронавирус жұқтырғандар саны 219-ға жетті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар