09 мам, 2021 сағат 13:52

Дамир Исмағұловтың UFC-дегі жекпе-жегі кейінге шегерілді


Ресейлік аралас жекпе-жек (ММА) файтері, этникалық қазақ Дамир Исмағұлов 22 мамырда UFC-дегі жаңа келісімшарты бойынша алғашқы жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жекке қатысты жаңа деректерді Sherdog порталы жариялады. Бастапқыда ол Хьюстондағы (Техас, АҚШ) турнирде бір апта бұрын өткізіледі деп жоспарланған болатын. Енді Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтетіні белгілі болды.

Жекпе-жек мерзімі не себепті ауысқаны белгісіз. Дамирдың қарсыласы бразилиялық Рафаэль Алвес.

Айта кетейік, наурызда Исмағұлов UFC-де төрт жекпе-жек өткізуге келісімшартқа қол қойған болатын. Ол жарақатына байланысты 2019 жылғы тамыздан бері октагонға шықпаған.