05 мам, 2021 сағат 07:57

Чемпиондар лигасы: «Манчестер Сити» финалға шықты


UEFA Чемпиондар лигасы финалына шыққан алғашқы команда анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталған жолдамаға Англияның «Манчестер Сити» клубы ие болды. Ол бүгін өз алаңында Францияның «Пари Сен-Жермен» командасын 2:0 есебімен сүріндірді. 

Естеріңізге сала кетелік, екі клуб арасындағы алғашқы кездесуде ағылшындық клуб 2:1 есебімен басым түскен болатын. Сондықтан бүгінгі ойында «Пари Сен-Жермен» жеңіске жету жолын іздеуі тиіс еді. 

Десе де «Манчестер Сити» сенімді ойын көрсетті. Ойынның 11, 63-минуттарда Рияд Марез мергендігімен көзге түсті. 

Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы тағы бір кездесуде «Челси» (Англия) және «Реал Мадрид» (Испания) командалары шеберлік байқасады. Бұл ойын 5 мамырда болады. 

UEFA Чемпиондар лигасының финалы 29 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласында Олимпиадалық стадионда болады.