Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 2019 жылғы діни күндер күнтізбесіне сүйенсек, осы жылы Рамазан айы 6 мамырда басталады.
Биыл 30 күн ауыз бекітеміз. Қасиетті Қадір түні - 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусым - ораза айттың бірінші күні.
ҚМДБ Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен биылғы пітір-садақа мөлшері 300 теңге болып бекітілді.
Пітір-садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.
Осы орайда "Ұлт ақпарат" еліміздегі мұсылман жамағатының назарына Қазақстанның барлық облыстарына арналған Рамазан айындағы ораза және намаз уақыттарының кестесін ұсынады.