28 там, 2019 сағат 13:41

БҒМ жауапты хатшысы 48 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы заңсыз құжаттарға қол қоймаған мемлекеттік сатып алулар департаментінің директорына қоқан-лоқы көрсеткен. Бұл туралы inbusiness.kz жазды.

"Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев 48 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Тіпті шенеунік өзінің теріс әрекетін ашық айтқан және заңсыз құжаттарға қол қоймаған мемлекеттік сатып алулар департаментінің директорына қоқан-лоқы көрсеткен", - делінген хабарламада. 

"Алты ай бойы көрмеген қорлығым жоқ" деп шағымданған Анар Қайырбекованың сөзінше, Өрсариев оған жала жауып, түрлі әкімшілік іс қозғатып, сөгіс жариялатқан. Өзінің айтқанын істете алмаған шенеунік енді департамент директорын жұмыстан шығаруға әрекеттеніп жатқан көрінеді. Анар Қайырбекова болса, Өрсариевтің ұйымдасқан топпен ақша жымқырып отырғанын дәлелдейтін мәліметтер бар екенін хабарлады. Енді осы істі жауапты органдардан әділ қарауын өтініп отыр.