Белгісіз ер адам Франция президентін шапалақпен ұрды (Видео)
Франция президенті Эммануэль Макрон елдің оңтүстік-шығысындағы Дром департаментіне сапары кезінде шабуылға ұшырады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Әлеуметтік желілерде пайда болған видео кадрларында ел президенті адамдарға жақындағанын, ер адамдардың біреуін қолынан ұстап тұрғанын көруге болады, бірақ тұрғын оны ұстап тұрып, екінші қолымен шапалақпен ұрады. Осыдан кейін жағдайға күзетші араласады, Франция президенті бұл маңнан кетіп, ал сақалды адам ұсталады.
Телеарна хабарына қарағанда, оқиғаны Елисей сарайының өкілдері растаған, бірақ олар шапалақ туралы емес, шапалақ жасауға оқталу туралы айтып отыр. Оқиғадан кейін екі адам ұсталған.
Франция премьер-министрі Жан Кастекс президентке қарсы агрессияны айыптады.
"Республика Президентін ұру арқылы демократияға соққы жасалды... Демократия - бұл пікірталас, бұл - диалог, бұл идеялардың қақтығысы, бұл келіспеушіліктің заңды көрінісі, әрине. Бірақ бұл қандай жағдайда да зорлық-зомбылық, ауызша агрессия, сондай-ақ физикалық агрессия болмауы керек", - деді Кастекс Ұлттық жиналыс отырысында.