Әйелі Салтанат Нүкенованы қатыгездікпен өлтірді деп күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзін кінәлі деп есептемейді. Бұл туралы Elmedia YouTube-арнасында журналист Гүлжан Ерғалиеваға берген сұхбатында Бишімбаевтың адвокаты мәлімдеді.
«Қуандық Бишімбаев бұл жағдайды қайғылы деп есептейді. Бірақ ол қатыгездікпен кісі өлтіргенін мойындамайды. Ол әлі күнге дейін болған жайтқа сенбейді. Ол әлі күнге дейін Салтанатты жақсы көреді және ол туралы тек жақсы пікір ғана айтады. Салтанатты қатыгездікпен өлтірді, ұрды деген жалған ақпарат», - дейді адвокат.
Адвокаттардың айтуынша, Салтанат субдуральды гематомадан қайтыс болған. Ал ерлі-зайыптылар арасында төбелес болған жоқ.
«Бұл жазатайым оқиға, себебі олардың некелері пәк махаббаттан құралған. Қуандық Салтанаттың көз жұмғанына қайғырады», - дейді олар.