Атырау облысының әкімі «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)» компаниясының жұмысшылары жиналған Теңіз вахталық елді мекеніне жол тартты. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«29 маусымда, сағат 11:00 шамасында "Теңіз" вахталық қалашығында (Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 120 км, Атырау қаласынан 340 км) «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)» компаниясы жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тің жақында «Whatsapp» желісіне қойған суретіне наразылықтарын білдірген. Суретте Eli Daoud қолына рация құралын ұстап тұр, рация антеннасы қызға қарай бағытталған», - делінген таратылған хабарламада.
Баспаөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына барлық құзырлы органдардың басшылары мен аудан прокуроры барды. Жұмысшылармен кездесуге облыс әкімі, ПД басшылығы, ҰҚҚД, облыс прокуроры ұшып кетті. Оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.