02 там, 2019 сағат 14:30

Астана процесі аясында Сирия бойынша 13-ші келіссөз аяқталды

Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті 13-ші халықаралық кездесуі мәресіне жетті, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі.

Отырысқа Сирия Араб Республикасы үкіметінің және қарулы оппозиция топтары мен делегациялары, қатысушылар мен байқаушылар қатысты. 


IMG_3866-02-08-19-03-04.JPEG

Шара қорытындысы бойынша сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Васильенко мәлімдеме жасады. 

IMG_3865-02-08-19-03-04.JPEG

«Астана процесі аясында Сирия жөніндегі 13-ші халықаралық кездесу мәресіне жетті. 2017 жылдан бері Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан бұл процесс Сирияда бейбітшілікті орнату жолында орасан зор жетістікке жеткені сөзсіз. Бұл процесс көптеген екіжақты және көпжақты тараптардың Сирия бойынша атқарған күшінің нәтижесі деуге болады. Бүгінгі кездесу – Астана процесіне кепіл елдердің Сирия мәселесін бейбіт жолмен  шешуге ұмтылысы. Осымен байланысты 13-ші халықаралық отырыс қорытындысы бойынша кепіл елдер - Иран, Түркия, Ресейдің бірлесе қабылдаған мәлімдесін жариялаймын», - деді Роман Васильенко.