30 шіл, 2019 сағат 09:38

Астана LRT-ның бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды

«Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында компанияның қазіргі басшысы Бекмырза Игенбердинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Оны қамауға алу туралы өтінішхат жолданды», - деді Б. Игенбердинов.

Оның сөзіне қарағанда, Т. Арданға қатысты соттың сырттай шешімі шығарылған.

«Оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі кезде Интерпол осы мәселемен айналысып жатыр», - деп нақтылады ол.