Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі бірлікке, сондай-ақ Қазақстанның дербес саясат жүргізу құқығына нұқсан келтіруге тырысып жатқан арандатушылар туралы айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Болған және болатын сыртқы қақтығыстар азаматтарымыздың арасында ұлтаралық жанжал тудырып, жікке бөлінуге пайдаланылмауы керек. Оған жол беруге болмайды. Мұндай арандатушылықтар болып жатыр. Оны көріп отырмыз. Бірақ арандатушылар қайда тұрса да, қандай құжаттармен тұлғасын жасырса да, қалай құбылса да, біздің бірлігімізге нұқсан келтіріп, мемлекетіміздің дербес саясат жүргізу құқығын бұза алмайды. Бейбітшілік пен тұтастық – басты құндылығымыз, онсыз болашақ жоқ екенін бәрі есте ұстауы керек. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ, болмайды да", - деді Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясында.