Әлемнің танымал актрисасы, БҰҰ босқындар ісі жөніндегі басқарманың ерікті елшісі Анджелина Джоли гуманитарлық миссиямен Украинаның Львов қаласына келді.
Бұл туралы сенбі, 30 сәуірде украиналық БАҚ хабарлады
Теміржол вокзалында ол Донецк облысынан эвакуацияланған жолаушылармен, еріктілермен және дәрігерлермен сөйлескен.
БҰҰ Джолидің Львовқа жеке сапармен барғанын, босқындар ісі жөніндегі басқарманың сапарға қатысы жоғын мәлімдеді.
Әлеуметтік желі қолданушылары актриса барған Львовтағы дәмханалардың бірінен видео жариялады.
Джоли Ресей Украинаға басып кіргелі бері соғысқа қарсы екенін талай мәлімдеп, Батыс елдерін украин босқындарына көмек беруге шақырып келеді.