05 қар, 2025 сағат 16:46

"Ана жүрегімді тілгілей бергенде қарағайдай мүйіз шыға ма": Гүлзира Айдарбекова үндеу жасады

Фото: ашық дереккөз

Гүлзира Айдарбекова әнші ұлы Қайрат Нұртастың концерті туралы пікір білдіргендерге ашулы жазба арнады, деп хабарлайды Ult.kz.

"Мынау не деген сұмдық? "Соңғы концерті" дегені несі? Кішкене ұят болу керек қой. “Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле” деген. 
Ана жүрегімді тілгілей бергенде қарағайдай мүйіз шыға ма, осы хайп жасағыштарға, әлде халық алғыс айтып үстілеріне шапан жаба ма екен? Күніге сан түрлі өсек, не болды сонша шыдамның да шегі бар шығар.
Біз де ет пен сүйектен жаратылған пендеміз, темір емес. Дұрыс дүние жазып, жақсы ойласа екен админдар. Бәріңізде ұл-қыз өсіріп, үміт күтіп отырған жоқсыздар ма? 
Мына админдар деген күннен-күнге хайп жасап, жазылушыларын көбейту үшін, өтірік өсек ойластыра беретін болды ғой.
Соған сеніп қаншама адам ауыздарына келгенін жазады, одан қалса жалдамалы өз адамдары фейк аккаунтпен жүртты кері пікірге итермелеп отырады, өсекті өрбітіп.
Неше түрлі заң шығып жатыр, неге мұндай алаяқтарға заң жоқ? Өсектен басқа шаруа жоқ па, не болып барамыз?", - деді ол.