02 қаз, 2019 сағат 09:55

Алматыда жаңа қоғамдық көлік бағыты пайда болды

Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

№105 жаңа бағыт Алатау ауданының халыққа қызмет көрсету орталығынан ТЭЦ-2–ге дейін кестеге сәйкес жүре бастады. Қоғамдық көлік таңғы 7:00-ден 10:00-ге дейін және 16:00-ден бастап 20:00-ға дейін, шамамен 28 минут аралығымен қатынайды.

«АлматыЭлектроТранс» компаниясының хабарлауынша, қалаға «Zhongtong» маркалы жаңа автобустар жеткізіле бастады. Жақын күндері олар сынақ кезеңінен өту үшін 12 бағыт бойынша шығады.