05 сәу, 2018 сағат 16:05

Алматыда көпқабатты үйде шыққан өрт толығымен сөндірілді (Видео)

Алматыда "Көкжиек" ықшамауданында көпқабатты үйде шыққан өрт толығымен сөндірілді, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы kaz.tengrinews.kz "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісіне сілтеме жасап.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, өрт 18:06-да сөндірілген. Адамдар жақын маңдағы № 177 мектепке қоныстандырылды.

Айта кетейік, Алматыдағы "Көкжиек" ықшамауданында көпқабатты үйде шыққан өрт салдарынан 300 адам эвакуацияланғаны хабарланған еді.

16:03-те Алматы ТЖД" "101" пультіне Жетісу ауданы, "Көкжиек", 32-үй мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сөндіру қызметінің бірінші бригадасы 16:11-де келген. Ол кезде үйдің 1-5 қабат аралығындағы алдыңғы бөлігі өртеніп жатқан. Өрт аумағы - 1000 шаршы метр. 

"Үйдің шатыры да өртенген. Өрт сөндіру қызметкерлері екінші қайтара тағы да шақыртылған. Қазіргі уақытта Алматы қалалық Өрт сөндіру қызметінің 70-тен аса өрт сөндіруші мен екіден аса арнайы техника жұмылдырылған. 300 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ", - делінген ведомство хабарламасында. 


"16:03-те Алматы ТЖД" "101" пультіне Жетісу ауданы, "Көкжиек", 32-үй мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Олар эвакуация жүргізіп, өртті сөндіріп жатыр. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады", - деп хабарлады Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.