Фото: Tengrinews.kz
Алматыда хостелде өрт шығып, 13 адам қазап тапты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 30 қарашада сағат 05:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Бірінші өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына 7 минут ішінде жетті. Өрт сөндірушілер келген уақытта үш қабатты тұрғын үйдің жертөлесі жанып жатты. Тұрғын үйдің 1 қабаты мен жертөлесі хостел ретінде қайта жабдықталған.
Өрттің жалпы ауданы шамамен 30 шаршы метрді құрайды.
Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 06:22-де сөндірілді.
Өртті барлау және сөндіру барысында 13 адамның денесі табылды, олардың жеке басы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, олар газбен улану салдарынан қайтыс болған", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдай кезінде хостелде 72 адам болған. Оның 59-ы өздігінен эвакуацияланған.
Өртті сөндіруге Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 46 адамы мен 14 бірлік техникасы жұмылдырылған.
Қазіргі уақытта өрт пен адамдардың қайтыс болу себебі анықталып жатыр.