07 шіл, 2021 сағат 22:02

Алматы тауларында келіншек жоғалып кетті


Алматы тауларында келіншек жоғалып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Іле-Алатауында жоғалып кеткен әйелді іздеп жатыр. 

Жасаққа жоғалған қыз туралы ақпарат 7 шілде күні түскен. Анасының айтуынша, ол тауға 5 шілдеде кеткен. Куәгерлер оны соңғы рет Үлкен Алматы көлінің маңында көрген. Қыздың телефоны үйде қалған. 

«Бүгін республикалық жедел-құтқару жасағының 5 адамнан тұратын жеке құрамы іздеу-құтқару жұмысын бастап кетті. Құтқарушылар екі топқа бөлінді. Біреуі - Алматы-Алагир асуына қарай, екінші топ Советтер шыңы жаққа қарай бет алды. Сонымен қатар, олар гидрология стансасының жоғары жағындағы орманды да қарап шығады», - деп хабарлады Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.