17 қыр, 2024 сағат 10:30

Алматы облысында құдық ішінен үш адамның денесі табылды

Фото: pixabay.com

Алматы облысының Кеген ауданында құдықтан үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.

Қайтыс болғандардың денелері мәйітханаға жіберіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл оқиға полицияда тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Әлеуметтік желіде оқиғаға қатысты болжам айтылды – жергілікті тұрғындар судың мәселесін шешпек болып, құдыққа түсіп, тұншығып қалған.