Фото: ашық дереккөз
Алматы облысында әскери тікұшақтың жоғалуына байланысты іздестіру-құтқару операциясы басталды, деп хабарлайды Ult.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Ресми мәлімет бойынша, 2025 жылғы 25 шілдеде жоспарлы ұшу кезінде Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі EC-145 үлгісіндегі тікұшақ радардан жоғалып кеткен.
"Алдын ала деректерге сәйкес, бортта үш экипаж мүшесі болған. Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде", – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиға орнына арнайы комиссия жіберіліп, жағдайдың мән-жайы анықталуда.
Ведомство қосымша ақпарат жарияланатынын мәлімдеді.
