Фото: Александр Павский/Kazinform
Алматы әуежайында есірткіге масайған Air Astana әуекомпаниясының ұшқышы ұсталды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Air Astana компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 сәуір күні Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып бара жатқан әуе компанияның ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды.
Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ұшқыш жұмыстан шеттетілді.
«Әуекомпания қызметкерлердің алкогольді немесе есірткіні пайдалануына қарсы. Компания қауіпсіздікке басымдық береді. Әуекомпания экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғын үнемі тексереді», - деді Air Astana.