Ақсуда пәтерден пышақталған әйел мен екі баланың денеcі табылды. Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп, тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 шілде күні сағат 11.40-та Ақсу қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Әуезов көшесіндегі пәтерде пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар әйел мен оның 7 және 5 жастағы кәмелетке толмаған балалары табылғаны туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы шықты. Тәжірибелі жедел қызметкерлер, тергеушілер қатарынан ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел қызметкерлер мен учаскелік полиция инспекторлары куәгерлерді анықтау мақсатында аулаларды аралап, тұрғындардан сұрастыруда» , - дейді департаментте.
Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы – «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.