04 сәу, 2020 сағат 13:41

Ақмола облысында тағы бір адам Covid-19 дертінен қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 4 сәуір 15.40-тағы дерегіне сай, Ақмола облысында тағы бір адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. Осы сағатта елде тағы 25 адамнан коронавирус табылғаны хабарланды. Нұр-Сұлтан қаласында - 14 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Шымкент қаласында - 1 адам, Қарағанды облысында - 1 адам, Алматы облысында - 1 адам, Жамбыл облысында - 1 адам, Алматы қаласында 1 адам вирус жұқтырған. 

Қазір елде 525 адамнан коронавирус анықталды. 36 адам дерттен айықты. Бес адам қайтыс болды. Көз жұмғандардың екеуі - Ақмола облысында, біреуі - Нұр-Сұлтанда, біреуі - Қарағанды облысында, біреуі Түркістан облысында. 

Вирус жұқтырған 525 адам мына аймақтарда:

Нұр-Сұлтан қаласы – 216

Алматы қаласы – 110

Қызылорда облысы – 28

Қарағанды облысы – 27

Солтүстік Қазақстан облысы – 25

Түркістан облысы – 23

Атырау облысы – 22

Ақмола облысы – 20

Шымкент қаласы – 13

Ақтөбе облысы – 10

Алматы облысы – 10

Жамбыл облысы – 10

Шығыс Қазақстан облысы – 4

Маңғыстау облысы – 3

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қостанай облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Қазақстанда 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. Елдің барлық аймағында шектеу қойылған. Ірі қалаларда карантин. Денсаулық сақтау министрлігінің есебінше, елде үш жарым мыңдай адамға вирус жұғуы мүмкін.