14 шіл, 2021 сағат 14:13

Әбсаттар қажы Дербісәлі ауыр хәлде жан сақтау бөліміне түсті


Қазақстанның бас мүфтиі болған, белгілі ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлі ауруханаға түсті. Қажының хәлі ауыр делінеді. Суыт хабарды ҚМБД баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы жеткізді.

“Мүфтиятты он жылдан астам басқарған, ғұмырын білім мен ғылымға арнаған Әбсаттар қажы Дербісәлі ауыр хәлде жансақтау бөліміне түсіпті… “Достан – дұға” дегендей, Алладан шипа тілеп қойсаңыздар. Алла Тағала барша науқас жандардың дертіне шипа бергей. Сынақты сәттен аман-есен өтуді нәсіп еткей”, деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетсек, Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі (15 қыркүйек 1947 жылы туған, Түркістан облысы Түлкібас ауданы) – шығыстанушы, дінтанушы ғалым, әдебиет зерттеушісі, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы, 1-сыныпты кеңесші дипломатиялық лауазым иесі.